Журналист пандемия кезінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың жағдайын бірнеше айдан бері зерттеген.
Қазақстандық журналист Ақсәуле Әлжанның мақаласы "The New York Times" газетінің бірінші бетінде жарық көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы журналистің өзі facebook-тегі парақшасында жазды.
Қуанышым қойныма сыймай тұр! Әріптестерім Гаррет Зеролф пен Дэниел Лемпреспен бірігіп жасаған репортажымыз Нью Йорк Таймстың бірінші бетінде жарық көрді. Пандемия кезінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың жағдайын бірнеше айдан бері зерттегенбіз. Жасалған жұмыс үлкен, үйренгенім одан да көп, алғысым – шексіз, - деп жазды Ақсәуле Ақжан.
Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.
Айта кетейік, қазір журналист АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жүр.