Қазақстандықтар Түркиядан жылжымайтын мүлікті жаппай сатып ала бастады

0
757

Үй сатып алу көрсеткіші наурыз айында артқан.


Қазақстандықтар Түркиядан жылжымайтын мүлікті жаппай сатып ала бастады

ERNUR.KZ. Биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстан азаматтары Түркиядан 211 жылжымайтын мүлік сатып алды, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99 бірлікке көп, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Түркияның мемлекеттік жер кадастры және жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату агенттігі хабарлады.

«2020 жылдың наурыз айында қазақстандықтар Түркиядан 72 жылжымайтын мүлік сатып алды, бұл 2019 жылдың наурызымен салыстырғанда 35 бірлікке көп»,- делінген хабарламада.

Түркияда 2020 жылдың наурыз айында 108,670 мың жылжымайтын мүлік сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4% -ға көп, деп хабарлайды Trend.