Ұшақта 4 адам болған: екі пилот және екі жұмысшы.
Фото: Х/@AZ_Intel_
ERNUR.KZ. Вильнюсте екі қабатты тұрғын үйге ұшақ құлады. Оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алып, бір адам қайтыс болды, деп жазады tengritravel.kz.
Полиция мәліметінше, әуе апаты 25 қарашада таңғы сағат 5:30-да болған. DHL компаниясының жүк ұшағы екі қабатты тұрғын үйге құлаған.
Ұшақта 4 адам болған: екі пилот және екі жұмысшы. Құтқарушылар ұшақ қирандыларының астынан бір пилотты алып шықты, ол есін жиған.
Ақпарат бойынша, жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілген, ал бір адам қаза тапқан.
"Ұшақ құлаған үйдің барлық тұрғындары, алдын ала мәлімет бойынша, тірі", – деп мәлімдеді үкімет жанындағы дағдарыс басқару орталығы.