Қаулы заңды күшіне қазанның 14-і күні енеді.
ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережелеріне өзгерістер енгізді, деп жазады Stan.kz.
Енді ерекше қорғаудағы аймақта тұратын азаматтар да паркке кіргені үшін төлем жасауға міндетті.
Cондай-ақ сол төлемді растайтын түбіртекті сыртқа шықпайынша өзімен бірге алып жүруі тиіс. Бұл ереже туристерге де қатысты болады.
Экология министрлігінің хабарлауынша, тәртіптен тек соғыс пен тыл ардагерлері, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалар ғана босатылады. Қаулы заңды күшіне қазанның 14-і күні енеді.