Қазақстанның 2 облысында коронавирус өршуіне байланысты мектептер жабылады

0
2 323

Білім беру мекемелеріннен коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр.


Қазақстанның 2 облысында коронавирус өршуіне байланысты мектептер жабылады

ERNUR.KZ. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі өскен. Мектептер жаппай карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылады, деп жазады Tengrinews.kz.

Ақмола облысындағы жағдайды өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина айтып берді.

"Білім беру мекемелеріннен коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр. Сондықтан біз мектеп оқушылары, мұғалімдер, жалпы білім беретін мектептің техникалық қызметкерлері арасында ауыру жағдайы тіркелсе, екі аптаға қашықтан білім беруге ауыстырамыз деп шешім қабылдадық. Бұл оқушылар арасында жаппай коронавирус жұқтырудың алдын алуға көмектеседі", - деді Айнагүл Мусина.

Ақмола облысында 49 мектеп карантинге жабылды, оның 12-сі Көкшетауда. Үшінші тоқсан басынан диагноз 300 оқушыда байқалған.

СҚО-да мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтыру дерегі өскен. Оқу жылының басынан бері 500 науқас оқушы анықталды. Үшінші тоқсанда 40 пайыз оқушы оқшауланған. Онда тағы бес мектеп қашықтан оқытуға көшті.