Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.
ERNUR.KZ. 2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, деп жазады baq.kz.
Жауын-шашынның соңы қарға ұласып, екпінді жел тұрып, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болады.
3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады.
Суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі, солтүстік-батыста түнгі температура 5...15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10...20 аязға дейін, оңтүстікте 3...13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 аязға дейін төмендейді.
Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.