Конго Республикасы қазақстандық мұнай-газ компаниясының өз кен орындарын игеруге қатысу мүмкіндігін қарастыруда.
ERNUR.KZ. «ҚазМұнайГаз» Конго республикасында кен орындарын игеруі мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС сарапшылары Конго кен орындарының сипаттамаларын зерделеу және кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін жүргізу бойынша қызметтерді ұсынды», - деп хабарлады компания.
4 тамызда Қазақстан мен Конго мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Конго Республикасы - Африкадағы мұнай-газ саласының үшінші ірі ойыншысы.