"ҚазМұнайГаздың" 13 қызметкері коронавирус жұқтырды деген күдікке алынды

0
903

"ҚазМұнайГаздың" үш қызметкері Ақтау қаласында, төртеуі Оралда, екеуі Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Атырауда.


ERNUR.KZ. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ 13 қызметкері Қазақстан мен Румынияда коронавирусқа байланысты күдікпен карантинде жатыр. Бұл туралы 17 наурызда өткен брифингте аталған компанияның еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Сақтағанов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

"ҚазМұнайГаз" компаниялар тобының қызметкерлерінің арасында бізде 13 адам карантинге жатқызылды. Олардың төртеуі ауруханада, тоғызы үйде карантинінде, - деді ол.
Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаздың" үш қызметкері Ақтау қаласында, төртеуі Оралда, екеуі Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Атырауда екен. Одан бөлек, Румынияда мемлекетінде де екі қызметкері карантинге алынған.
Қазіргі уақытта бізде бір де бір қызметкерден коронавирус тіркелген жоқ, - деді Сақтағанов.
Оның айтуынша, кеңсе қызметкерлерінің жартысы жұмыс кестесін сақтау кезінде қашықтықтан жұмыс режиміне өткен (9.00-ден 18.30-ға дейін).
Сонымен қатар, Сақтағанов "ҚазМұнайГаз" басшылығы кеңседе жұмыс істеп жатқанын айтты.