Кілемге орап, аулаға тастап кеткен: Павлодарда әйел адамды өлтірген күдікті ұсталды

0
352

Қылмыстық оқиға 17 қазанда болған.


Кілемге орап, аулаға тастап кеткен: Павлодарда әйел адамды өлтірген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында әйел адамды өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментірің мәліметінше, қылмыстық оқиға 17 қазанда сағат 16.44-те Екібастұз қаласында болған.

«Полиция бөліміне «М.Жүсіп көшесі, 68 үйдің жанында кілемнен адамның аяғы көрінеді» деген хабарлама келіп түсті. Келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде кілемге орап тастаған әйелдің мәйітін тапты. Кілемнің жоғары және төменгі жақтарын сыммен байланған. Әйелдің жансыз денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталды. Полиция әйелдің жеке басын анықтады, ол Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Кісі өлтірді деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Екібастұз қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған ер адам ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.