Қонаев іргесіндегі ауылды су басты

0
718

23 ақпанда таңертең ауылды сy басқан.


Қонаев іргесіндегі ауылды су басты

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Қонаевқа қарасты Шеңгелді ауылының тұрғындары көшелер мен үйлерді басып қала жаздаған суды кетірген, деп жазады Tengrinews.kz.

23 ақпанда таңертең ауылды сy басқан.

"Су үйлерді басып кете жаздады. Алайда тұрғындар мен Шеңгелді ауданының әкімі Мақсат Жазиев табиғи апатты өз күшімен жеңді", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

"Шеңгелді қайырымдылық қоры" жергілікті чатында су туралы ақпарат тарады.

Қонаев әкімдігінде бір тракторды көмекке жіберуге бұйрық берілген. Сорғы станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан "Толағай" серіктестігі, "Бауыр" шарушаруа қожалығы мен Шеңгелді су арнасының қызметкерлері де халыққа көмек қолын созған.
"Бүгін біз тамаша жұмыс істедік, бірақ демалуға әлі ерте, өйткені қар еріп біткен жоқ", - деді Шеңгелді әкімі Мақсат Жазиев.
Ол қазір қауіпті аймақтарда тәулік бойы кезекшілік орнатылғанын айтты.