Кондуктор мен автобус жүргізушісі 40 теңге төлемеген екі оқушыны жібермей қойды (видео)

0
1 210

Оқушылар есірткі шегіп алған.


Кондуктор мен автобус жүргізушісі 40 теңге төлемеген екі оқушыны жібермей қойды (видео)

ERNUR.KZ. Оралда кондуктор мен автобус жүргізушісі жол ақысын төлемеген екі оқушыны көліктен жібермей қойды. Оларға жолаушылар қарсы шықты, деп жазады Stan.kz.

Желіде кондуктор мен жүргізушінің екі оқушыны жібермей, ұстап тұрған сәті жарияланды. Оны куәгерлер түсіріп жариялады.

"40 теңге үшін баланы ұстап жібермей қойды. Басқа жолаушылар балалардың орнына ақыны төлемек болды, бірақ олар алған жоқ. 40 теңге деген қалтадан да түсіп қалады ғой. Сол үшін сонша жазалауға бола ма? Тіпті жұлқылап, жерге тақады. Ата-аналары бұлай қалдырмасын, сотқа жүгінсін , - дейді ролик авторы.

Енді бірі керісінше кондукторды жақтап шықты.


"Оқушылар есірткі шегіп алған. Кондуктор сол үшін оларды ұстап, полицияға тапсырмақ болды. Сол жерде болған адамдай сөйлейсіңдер. Есірткі шегетіндерді жайына жіберіп жүре беру керек пе сонда? Балалар ерте жасынан бастап есірткіге әуес. Ал, сендер балалардың орнына жолақысын төлеп, жібере салмақсыңдар", - дейді енді бірі.

Орал қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бұл факт бойынша ресми тергеу басталғанын хабарлады.

"Автобус автобус паркіне, сондай-ақ оқиғаға қатысты тексеру жүргізуді тапсырдық. Кейінірек нәтиежесін хабардар етеміз", - деді Орал қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Менеев.