Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 140-қа жетті

0
579

Өткен тәулікте Ақмола облысы және Алматы қаласынан төрт науқас көз жұмған.


Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 140-қа жетті

Елімізде тағы 4 науқас коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақмола облысы - 1971 жылы туған ер азамат, Алматы қаласы - 1958, 1977 жылы дүниеге келген әйел адамдар және 1979 жылы туған ер азамат.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 140 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 38
Алматы қаласы – 26
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 13
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 8