Коронавирустың таралу екпіні бойынша тағы екі облыс "қызыл аймаққа" енді

0
614

Елімізде "қызыл аймаққа" енген өңірлердің саны төртеуге жетті.


Коронавирустың таралу екпіні бойынша тағы екі облыс

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері коронавирустың таралу екпіні бойынша Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл аймаққа» енгенін хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қызыл аймаққа» кіретін өңірлер: ШҚО, Павлодар облысы, БҚО және Қостанай облысы. «Сары аймаққа» енген Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл аймақта», - деп мәлімдеді ол.

Еске сала кетейік, жақында Үкімет басшысы Асқар Мамин «қызыл» және «сары» аймақтардағы өңірлердің әкімдеріне жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдап, мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.