Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіледі

0
435

Аталған ұйым мұндай акцияны қаңтардағы төтенше жағдай кезінде де өткізген болатын.


Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіледі

ERNUR.KZ. Психологтар одағы қостанайлықтарға, көмек көрсетуге дайын, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Психологтар одағының төрағасы Гүлзат Асанова адам құқықтары жөніндегі уәкілге Одақ мамандарының Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтарға онлайн форматта психологиялық көмек көрсетуге дайын екені және оқиға болған жерде көмек көрсететін психологтар үшін супервиз (консультациялар) беру туралы хабарлады.

«Бірнеше күн өткеннен кейін, күйзеліс жағдайы өткенде, психологиялық қолдауға деген қажеттілік барынша сұранысқа ие болады. Осыған байланысты Одақ психологтары зардап шеккендерді психологиялық қолдау және мамандар үшін супервизия (кеңес беру) бойынша өтеусіз акция өткізу туралы шешім қабылдады», - деді Гүлзат Асанова.

Естеріңізге сала кетейік, аталған ұйым мұндай акцияны қаңтардағы төтенше жағдай кезінде де өткізген болатын.