Қостанай облысында пара алды деген күдікпен 3 полицей ұсталды

0
346

Жергілікті полиция қызметінің бастығы және аталған ведомствоның тағы бір қызметкері түсініктеме беруде.


Қостанай облысында пара алды деген күдікпен 3 полицей ұсталды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Денисов ауданында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен 3 полицей ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Денисов аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Ербол Шашков, жергілікті полиция қызметінің бастығы және аталған ведомствоның тағы бір қызметкері түсініктеме беруде.

Ақпаратта көрсетілгендей, аталған дерек бойынша Қостанай облысы ПД түсініктеме беруден бас тартқан. "ТоболИнфо" ақпараттық агенттігі сұрау хатты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберген.

Тәртіп сақшылары "Приреченское" ЖШС-нен 3 миллион теңге көлемінде қаражат алғысы келгендігі туралы да айтылады.

Жергілікті полиция қызметінің бастығына қатысты үйқамаққа алу түрінде санкция қолданылды. Ал, ішкі істер басқармасының бастығы үшін бұлтартпау шарасы әлі таңдалмапты.