Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы қазір зардап шеккен 18 кәсіпкерлік субъектісі анықталғанын, оның ішінде 17-сі Әулиекөл ауданында, біреуі Қарасу ауданында.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында кәсіпкерлер өрттен бизнеске келтірілген шығынның алдын ала сомасын атады. Келтірілген шығын 200 миллион теңгеден астам, деп жазады zakon.kz.
Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы қазір зардап шеккен 18 кәсіпкерлік субъектісі анықталғанын, оның ішінде 17-сі Әулиекөл ауданында, біреуі Қарасу ауданында. Сонымен қатар бір комбайн, бір трактор, бір ауыл шаруашылығы техникасы бүлінген.
12 кәсіпкердің айтуынша, олардың келтірілген мүліктік шығын көлемі 200 миллион теңгеден астам болса, 6 субъекті шығын көлемін анықтап отыр.
Кәсіпкерлер палатасында атап өтілгендей, олардың барлығы шағын бизнес өкілдері: дәмханалар, техникалық қызмет көрсету станциялары, сауда және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өкілдері.Қазақстандық кәсіпкерлер өрттен зардап шеккен тұрғындарға 200 миллион теңгеге жуық қаржы жинап, 56 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жинап үлгерді.
5 қыркүйекте зардап шеккен кәсіпкерлер үшін штаб құрылды.
Қостанай облысындағы орман өрті 2 қыркүйекте басталған. 3 қыркүйекте өрт жақын маңдағы ауылдарға тарады.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрттің шығуына отқа абайсыз қарау да себеп болуы мүмкін екенін айтты. Тергеу органдары барлық ықтимал нұсқаны қарастырады.