Қостанай облысындағы өрттің тұтануына адами фактор себеп болған - Юрий Ильин

0
659

Табиғи тұтану нұсқасы толығымен жоққа шығарылған.


Қостанай облысындағы өрттің тұтануына адами фактор себеп болған - Юрий Ильин

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алап өртке адами фактордың себеп болғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Министрдің сөзінше, табиғи тұтану нұсқасы толығымен жоққа шығарылған.

"Өрттің қасақана немесе абайсызда тұтанғанын құзырлы органдар анықтайды. Табиғи тұтану нұсқасы толығымен алынып тасталды", – деді Юрий Ильин.

Еске салайық, қыркүйектің басында Қостанай облысында алап өрт басталып, бір адам көз жұмған еді. Сонымен қатар 100-ге жуық тұрғын үй отқа оранған. Ал өрттің жалпы ауданы 43 мың гектарға жеткен.