​Қостанайда 10-сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті

0
1 305

Өзіне қол салған жасөспірімнің қаладағы №20 мектептің 10-сыныбында оқығаны белгілі болды.


​Қостанайда 10-сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті

ERNUR.KZ. Қостанайда 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлімімен (Өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Өзіне қол салған жасөспірімнің қаладағы №20 мектептің 10-сыныбында оқығаны белгілі болды. Мұғалімдер оның сабақты жақсы оқығанын айтады. Қазір суицид себептері анықталып жатыр.