3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын. Жақын маңда тұрған көліктер де өрттен зардап шеккен. Сонымен қатар, сегіз жекеменшік үй өртеніп кетті.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс сәті түсірілген видео жарияланды, деп жазады тengrinews.kz.
Видеоны "Наша Газета (Қостанай)" Telegram-арнасы жариялады. "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс сәті бейнетіркегішке түсіп қалған. Кадрларда алдымен ғимараттан қою түтін шығып жатқаны, кейін өрт шыққаны көрінеді. Содан кейін дүкеннен адамдар жүгіріп шығады.
Еске салайық, 3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын. Жақын маңда тұрған көліктер де өрттен зардап шеккен. Сонымен қатар, сегіз жекеменшік үй өртеніп кетті.