Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі өзеннен табылды

0
600

Жігіт 26 наурызда үйден оқуға шығып кеткен, бірақ сабаққа келмеген.


Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі өзеннен табылды

ERNUR.KZ. Қостанайда жоғалып кеткен 16 жастағы студент Сергей Лукьянов Тобыл өзенінің түбінен табылды, деп жазады Stan.kz.

Жігіт 26 наурызда үйден оқуға шығып кеткен, бірақ сабаққа келмеген. Еріктілер мен полицейлер жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жүргізген.

"Іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер тартылды, бүгін өзен түбін қарау кезінде жасөспірімнің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.