Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған жарылыс: Қаза тапқандардың есімі жарияланды

0
524

​3 қыркүйек күні Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған жарылыс пен өрт салдарынан 4 адам қаза тапты.


Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған жарылыс: Қаза тапқандардың есімі жарияланды

ERNUR.KZ. Бүгін көз жұмғандардың есімі және оқиғаның кейбір мән-жайы анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«3 қыркүйекте Қостанайда «Оружейная палата« дүкенінің туризмге арналған бөлігінде жарылыс болып, қатты өрт шықты. Ғимарат шатыры мен қабырғалары құлады. Ғимарат толығымен жанып кетті. Аңшылыққа арналған ұнтақталған оқ-дәрі де, дүкеннің басқа да тауарлары мұндай күшті жарылыстың шығуына түрткі бола алмағаны анық. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу жүріп жатыр. Өкінішке қарай, қару-жарақ дүкенінің қызметкерлері мен келушілер зардап шекті», - делінген дүкеннің Instagram-дағы парақшасында.

Дүкенде қаза тапқандардың суреттері мен есімі жарияланды. Олар – сатушы-кеңесшілер Ефимов, Александр Неводничий, Темірлан Мұрзабеков және қару-жарақ шебері Вячеслав Кравченко.

«Авариялық-құтқару жұмыстары 15 сағатқа созылды. Сегіз зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді. Дүкенге келген бес адам, сатушы-кеңесші Некрасов Никита Юрьевич және кассир Дужик Светлана Владиславовна амбулаториялық емделуде. Директор Бескровный Сергей Васильевич ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген мәліметте.