Қостанайдағы өрт: Қару-жарақ дүкенінің директоры ауыр халде ауруханаға түсті

0
853

Оның денесінің 50 пайызын күйік шалған.


Қостанайдағы өрт: Қару-жарақ дүкенінің директоры ауыр халде ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Қостанайда өрт шыққан қару-жарақ дүкенінің директоры ауыр халде ауруханада жатыр, деп жазады Stan.kz.

Оның денесінің 50 пайызын күйік шалған. Бұған дейін жертөледе қамалып қалғаны айтылған қызметкерлердің жағдайы әзірге белгісіз.

Қостанайда ірі өрттің аумағы ұлғайды. Өрт екі мың шаршы метрден асып кеткен. Қазір өрт сөндірушілер ғимаратта басқа адамның бар-жоғын тексеріп жатыр.

“Қазіргі уақытта өрттің аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Қару-жарақ қоймасында зардап шеккендердің бар-жоғын барлау үшін жеке құрам сауытты сауыттармен және қалқандармен жабдықталған”, - деп мәлімдеді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіні.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Жағдайды аптап ыстық пен қатты жел қиындатып отыр. Сондай-ақ өрт тұтану ошағына жақын орналасқан 8 жеке үйді шарпыған.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы “Оружейная палата” дүкенінде өрт болып жатыр деген хабарламалар тараған.