ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Мәскеу облысында қазақстандық үш азаматтың өлі табылуына қатысты пікір айтты.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Мәскеу облысында қазақстандық үш азаматтың өлі табылуына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Бізге бұл оқиғаның болғаны мәлім. Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар жергілікті тергеу органдарымен байланыста отыр. Зерттеу жұмыстары жүріп жатыр, ақпарат әзірше таратылған жоқ. Қаза тапқандардың азаматтығына қатысты дәл қазір расталған мәлімет жоқ", - деп хабарлады Әнуар Жайнақов.
Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ Мәскеу түбіндегі Чехов ауданында қазақстандық үш азаматтың фурада өлі табылғанын хабарлаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, автомобиль бұл ауданның территориясына жүк тиеу үшін Қазақстаннан барған. "2018 жылы 24 ақпанда Чехов ауданы Новоселки ауылындағы қойманың территориясында тұраққа қойылған фураның кабинасынан үш ер адамның денесі табылды, зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Кабинадан газ жанарғысы табылды, ер адамдар оны жылыну үшін пайдаланғанға ұқсайды. Ер адамдар газға уланып қайтыс болуы мүмкін, алайда өлімнің нақты себебі сараптаманың нәтижесі бойынша анықталады", - деді облыс бойынша ІІД Бас басқармасының баспасөз қызметіндегілер.