Кредиттен құтылу үшін 11 мыңға жуық борышкер өтініш берді

0
390

Борышкердің басым бөлігі Түркістан мен Алматы облысында болып шықты.


Кредиттен құтылу үшін 11 мыңға жуық борышкер өтініш берді

ERNUR.KZ. Өзін банкрот деп танығысы келетіндердің қатары Алматы мен Астана қаласында да аз емес. Өзге өңірлерден 200-ден бастап 400-ге дейін өтінім түскен. Солтүстік пен Ұлытау облыстарында басқалармен салыстырғанда аз. Ал Қарағанды өңірінің кей азаматтары әзірге өтініш бере алмай отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазіргі кезде шоттарымның бәрі бұғатталған. Өзім қара тізімге еніп кеткем. Әлі түсіндіру жұмыстары жүргізілген жоқ. Келесі жұмада салық органынан кісі келіп түсіндіруі керек. Оның жинайтын құжаттары көп», - дейді қала тұрғыны Ақнәзік Мақатова.

Негізі банкроттыққа өтініш беру қызметі - тегін. Егер банк немесе халыққа қызмет көрсету орталығында ақы сұраса, алданып қалмау қажет. Кірістер комитетінің өкілдері қазақстандықтардан осыны ескеруді сұрайды. Әрі өтінішті егов және е-салық азамат мобильді қосымшасы арқылы беруге мүмкіндік бар.

«Адамдардың бес пайызы мобильді қосымша арқылы берсе, қалған басым бөлігі 95 пайызы егов арқылы беріп отыр. 04,24 соттан тыс банкроттыққа азамат өтініш бергеннен кейін 15 жұмыс күн ішінде оның заң талаптарына сәйкестігі тексеріліп, 15 жұмыс күнініне кейін ақпарат алатын болады», - дейді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Меруерт Сисембаева.