Каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

0
94

2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы тарихи қола жүлдеге қол жеткізген болатын.


Каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ERNUR.KZ. Испанияның Памплона қаласындағы каратэден өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды, деп жазады stan.kz.

Испанияның Памплона қаласындағы каратэден WKF ережелері бойынша командалық әлем чемпионаты өтіп, жарыс жеңімпаздары анықталды. Әлемнің ең үздік 20 командасы қатысқан сына ел намысын 8 каратэшіміз қорғап, АҚШ, Франция, Косово және Грекия құрамаларына қарсы өнер көрсетті. Өкінішке қарай, Қайсар Алтынбай, Жоламан Биғабыл, Нұрқанат Ажиканов, Әбілмансұр Батырғали, Данияр Юлдашев, Никита Тарнакин, Ғалым Асылхан және Диас Улбек бастаған спортшылар ширек финалға шыға алмай, жүлделі орыннан көріне алмады. Ал әлем чемпионы атағын Египет құрамасы иеленсе, Иран-күміс, Жапония-қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы тарихи қола жүлдеге қол жеткізген болатын.