"Күйеу жігітке қамшы өргізсін": Тойда қалыңдықтың бауырсақ пісірген видеосы қызу талқыға түсті

0
673

Бүгінде түрлі көрініс көрсету тойдағы трендке айналған.


ERNUR.KZ. Желіде жаңа түскен қалыңдықтың бауырсақ пісірген видеосы тарады. Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, той иелерін сөкті, деп жазады stan.kz.

Бүгінде түрлі көрініс көрсету тойдағы трендке айналған.

Үйлену тойында жаңа түскен келін қалыңдық көйлегімен тойхана ортасында бауырсақ пісірді. Жастар ата-аналарына әдетте тәтті тортан ауыз тиюге беретін. Ерекше тойда қалыңдық бауырсақты дүйім жұрттың көзінше пісіріп, екі жақтың ата-анасына ұсынған. Жаңа бастаманы желі қолданушылары түрліше қабылдаған.

“Жаңа түскен келін ата-енесіне бауырсақ пісіріп беретін болады. Жаным, келген жеріңе майдай жақ”, – деп батасын берді той тізгіндеген әйел.

Желі қолданушылары той иелерінің ойлап тапқан трендтеріне наразы болып, түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі "дұрыс, ерекше, әдемі"десе екіншілері "той үстінде май сасытып пісіртпей-ақ қойған дұрыс" деген ойды алға тартты.

“Ішек-қарын тазалатсын енді”, “Бояушы бояушы дегенге артық кетіпті”, “Ешқандай да салт-дәстүрімізді көріп тұрғаным жоқ”, “Күйеу жігітке қамшы өргізсін”, “Көйлегі бүлінетін болды”, – деп негатив пікір жазып жатыр көпшілік.