Инфляцияның өсуіне негiзiнен азық-түлік тауарлары әсер етiп отыр.
ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ..
«Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде қалыптасты, ал 2018 жылдың шілдесінде ол 5,9% құраған. Инфляцияның өсуіне негiзiнен азық-түлік тауарлары әсер етiп отыр. Олардың инфляция өсіміне қосқан салымы 3,4 проценттi құрады. Осы тауарлар бағалар өсуінің шамамен 63% құрады», - дедi министр.
Үкiмет отырысында ол бағасы қымбаттаған азық-түліктiң жартысы әлеуметтік маңызға ие екенiн қозғап ɵттi.
«Ең жоғары өсу Нұр-Сұлтан (15,1%), Жезқазған (11,8%) және Талдықорған (10,4%) қалаларында байқалады. Мəселен, елордада сәбіз (2,4 есе), пияз (85,5%), картоп (82,4%), күріш (21,6%) және ұн (20,8%) айтарлықтай қымбаттаған», - дедi Руслан Дəленов.
Министр азық-түлік бағалары өсуінің жартысы әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарына тиесілі екенін, олардың бағасы 9% көтерілгенін айтты:
− пияз - 79,0%;
− сәбіз - 59,3%;
− картоп – 32,9%;
− күріш - 23,8%;
− бірінші сұрыпты ұн - 15,3%.
Дәленов тауарлар бағаларының қалыптасуына жүргізілгенін талдау нәтижесінде түпкілікті тұтынушы үшін баға өндірушілердің немесе импорттық бағалардан едәуір жоғары екені анықталғанын атап өтті. Мысалы, сәбізді өндірушінің бағасы 67 теңге болса, нарықтағы сату бағасы – 151 теңгені, ал үстеме баға 84 теңгені құрайды.Тауарлардың осы түрлерi бойынша күшейтілген бақылау жүргізу, сондай-ақ олардың бағаларын төмендету бойынша шаралар қабылдау ұсынылып отыр.
Министрдiң айтуынша, барлық өңірде аталған тауарларға бағалар өскен. Бағалардың ең жоғары өсуі пиязға (2,2 есе) Алматы қаласында, сәбіз (2,5 есе) және картопқа (94,1%) Нұр-Сұлтан қаласында, қызылшаға (54,3%) Батыс Қазақстан облысында, күрішке (35,8%) Қызылорда облысында тіркелді.