​Әлеуметтік желідегі жазбасы үшін мемлекеттік қызметкер жазаланды

0
1 432

Биыл жыл басынан бері әлеуметтік желідегі әдепсіз жазбалары үшін Астанада 10-ға жуық мемлекеттік қызметшіге қатысты шара қабылданды.


​Әлеуметтік желідегі жазбасы үшін мемлекеттік қызметкер жазаланды

Биыл жыл басынан бері әлеуметтік желідегі әдепсіз жазбалары үшін Астанада 10-ға жуық мемлекеттік қызметшіге қатысты шара қабылданды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері саласын бақылау басқармасының басшысы Ернар Маханов айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Елорда ақпаратқа сілтеме жасап.

«2017 жылы мониторинг жүргізу кезінде әлеуметтік желіде бейәдеп пікір жазған және суреттерін жүктеген 10 шақты орталық мемлекеттік органдардың қызметшілерін анықтадық. Оларға әрекет етіп, шара қолдану үшін өзіміздің орталық құзырлы органымызға тапсырдық. Ал биыл жыл басынан бері Астана қаласының шегіне жататын мемлекеттік органдардың 10 шақты мемлекеттік қызметшісіне қатысты шара қолданылды», - деді Ернар Маханов.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желідегі парақшасында қанша жазба қалдырса да өз еріктерінде.

«Біз желідегі жазбалардың санына шектеу қоймаймыз. Оған заңмен тыйым салынбаған. Ең бастысы халықтың наразылығын тудыратын суреттер салынбаса болды Алайда бейәдеп сөздермен пікір жазып, әдепсіз сурет жүктелсе әрекет етеміз», - деді ол.