Маңғыстауда астан уланған балалар саны 140-тан асты

0
348

Денсаулық сақтау басқармасы өңірде төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген деп сендіреді.


Маңғыстауда астан уланған балалар саны 140-тан асты
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың саны артты, деп жазады Ulysmedia.kz.


Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 141 бала медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір ауруханада 82 бала емделіп жатыр. Үйде 43 бала, стационарда 16 бала жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасы өңірде төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген деп сендіреді.