Маңғыстауда тұрғындардың полицейлермен жанжалы видеоға түсіп қалды

0
518

Мас жүргізуші достарымен бірге полицияның талаптарына бағынбай, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен.


Маңғыстауда тұрғындардың полицейлермен жанжалы видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында полиция көлікті мас күйінде айдаған жүргізушіні ұстады. Ер адамды медициналық куәландыруға жеткізбек болғанда, достары араласып, тәртіп сақшыларына кедергі келтірді, деп жазады sputnik.kz.

Олар құқықбұзушыны жіберуді талап етіп, полицейлермен жанжалдасты. Оқиға видеоға түсіп қалды.

"Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы "Көлікті мас күйінде басқару бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп мәлімдеді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Бұған қоса 200 АЕК (583 400 теңге) айыппұл көзделген.

Полицейлерге кедергі келтірген басқа адамдар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаза 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейінгі айыппұлды көздейді.

Айта кетсек, Қазақстан заңнамасына сәйкес, полицейдің заңды талаптарына бағынбау, тіл тигізу және күш қолдану әкімшілік немесе қылмыстық жазаға әкеп соғады.