Қытай сыртқы істер министрі сондай-ақ "әлем неғұрлым тұрақсыз болса, Ресей мен Қытай үшін қарым-қатынастың тұрақты дамуы соғұрлым маңызды" деп атап көрсетті.
ERNUR.KZ. Әлем неғұрлым тұрақсыз болса, Ресей мен Қытай үшін қарым-қатынастың тұрақты дамуы соғұрлым маңыздырақ. Бұл туралы жылсайынғы баспасөз мәслихатында Қытайдың сыртқы істер министрі Цинь Ган мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Ресей мен Қытайдың ынтымақтастығы әлем үшін көпполярлылық пен халықаралық қатынастардағы демократияны күшейтуге, жаһандық стратегиялық тепе-теңдік пен тұрақтылыққа жақсырақ кепілдік беруге ықпал етеді", - деді Цинь Ган.
Қытай сыртқы істер министрі сондай-ақ "әлем неғұрлым тұрақсыз болса, Ресей мен Қытай үшін қарым-қатынастың тұрақты дамуы соғұрлым маңызды" деп атап көрсетті. Сонымен қатар Ган Ресей мен Қытай басшыларының жетекшілігімен елдер арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік нығая түсетінін айтты.