Мәжіліс депутаты өз еркімен жұмыстан кетті

0
543

​Мәжіліс Азат Сембиновтың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.


Мәжіліс депутаты өз еркімен жұмыстан кетті

ERNUR.KZ. Парламент мәжілісі депутат Азат Сембиновтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Азат Талғатұлы Сембинов өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш берген. Мәжіліс оның депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

"Мен үшін бұл үлкен мектеп болды деп санаймын. Қысқа мерзім болса да, үлкен тәжірибе жинадым. Жақсылықта кездесе берейік. Баршаңызға алғыс айтамын", - деді Сембинов.