Мемлекет басшысы Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды

0
662

Қазақстан Президенті мұндай орталық ашу бастамасын қолдап, халыққа көмек көрсету жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.


Мемлекет басшысы Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көріп, оны қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.


Бұл мекеме халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына, тіршілік жағдайымен жүгінген азаматтарға "бір терезе" қағидаты бойынша әр түрлі салада қызмет көрсетеді.
Қазақстан Президенті мұндай орталық ашу бастамасын қолдап, халыққа көмек көрсету жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

– Пандемияға қарамастан, азаматтарымызды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерімен айналысу маңызды. Бұл – басым әрі стратегиялық міндет. Сондықтан бірыңғай әлеуметтік қамту орталығының салынуын қолдаймын. Бұл – дұрыс бастама. Мұны тиімді жүзеге асыру керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.