Коммуналдық қызмет табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шықты.
ERNUR.KZ. Ресейдің қиыр шығысында қалың қар түсті, деп жазады baq.kz.
Осыған байланысты Благовещенск қаласында төтенше жағдай жарияланған. Коммуналдық қызмет табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шықты. Оларға мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындар, студенттер мен еріктілер көмекке келген.
Ақ ұлпа кейінгі 3 күн бойы тоқтамай жауды. Жергілікті метеорологтардың мәліметі бойынша қардың мұншама қалың жаууы 97 жылда алғаш рет болып тұр. Благовещенск билігі әуежайдағы рейстерді кейінге шегеріп, қалааралық автобустарды тоқтатты.