Мерекеге сыпырғы сыйлаған жігіттер желіде хит болды (видео)

0
2 746

Жігіттердің ерекше құттықтауы әлеуметтік желіні жарды.


Мерекеге сыпырғы сыйлаған жігіттер желіде хит болды (видео)

фото кадрдан алынды

Әлеуметтік желіде 8 наурыз мерекесіне келіншектеріне ерекше сыйлық тарту еткен жігіттердің видеосы тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Видео qaz.stars парақшасында жарияланды.

Жігіттер келіншектеріне гүлдің орнына қағазға әдемі етіп оралған сыпырғы сыйлаған.


Жігіттердің ерекше әзілді құттықтауын көпшілік әртүрлі қабылдаған. Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі әзілкеш жігіттерге ризалығын білдіріп қолдаған.

"Не болса да бүкіл желіні жарды жігіттер", "Жарайсыңдар жігіттер, ерекше екен", "Бұл да бір қызық қой", "Гүл солып қалады, пайдаға асатын сыпырғысы дұрыс қой" - деп пікір қалдырған.

Алайда мұны мазақ көріп, "Бір жылда бір рет келетін мерекеге сыпырғы сыйлағаны несі, онсыз да қолдарынан түспейді", "Жігіттер мынау не масқара" - деп ренішін білдірген пікірлер де жазылған.