Министрлік бірнеше облыста жарық неге өшіп қалғанын айтты

0
512

Қазақстанның оңтүстігі мен орталық өңіріндегі тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың жұмыс кестесі қалпына келтірілді.


Министрлік бірнеше облыста жарық неге өшіп қалғанын айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның жеті өңірінде жарықтың өшуіне №1111 тірегіндегі гирляндтың үзілуі себеп болған, деп жазады sputnik.kz.

"Авариялық жұмыстар аяқталды. Сағат 16:45-те ӘЖ-500 кВ Л-5170 Екібастұз-Ағадыр іске қосылды. Ажыратуға В фазасының №1111 тірегіндегі гирляндтың үзілуі себеп болды", - деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның оңтүстігі мен орталық өңіріндегі тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың жұмыс кестесі қалпына келтірілді.

13 ақпан сағат 09:23-те 500 кВ-тық Екібастұз – Ағадыр Ж-5170 электр желісі аварияға байланысты ажыратылғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты аварияға қарсы автоматика арқылы Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы, Түркістан қалаларында электр энергиясы бойынша шектеулер енгізілді.