"Мызғымас бауырластық-2024": ҰҚШҰ елдерінің әскери контингенттері Қазақстанға жиналды

0
250

Оларды қайта топтастыру әскери-көліктік авиация бортымен және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады.


ERNUR.KZ. Алматы облысындағы "Жағалау" оқу-жаттығу полигонында ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық-2024" Ұжымдық бітімгерлік күштерінің қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығу басталады, деп жазады sputnik.kz.

"ҰҚШҰ-ға мүше елдерден – Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан әскери құралымдар 26-30 қыркүйек аралығында келеді",- делінген хабарламада.

Оларды қайта топтастыру әскери-көліктік авиация бортымен және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және ҰҚШҰ жауапкершілік аймағында тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бітімгерлік контингенттері – арнайы дайындалған әскери, полицейлік және азаматтық персонал, сондай-ақ олардан бөлінетін күш-құралдар.

Әрбір бітімгерлік операцияда ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен орындалатын міндеттердің көлеміне және шиеленіс аймағындағы нақты жағдайға қарай олардың құрамы, құрылымы мен саны айқындалады.