Елбасының келіні Шамалған ауылының маңындағы Шұбарат зиратына жерленді. Зиратқа карантинге байланысты ешкімді кіргізбеген.
ERNUR.KZ. Елбасының туған бауыры Болат Назарбаевтың әйелі Гүлжан Назарбаева қайтыс болды. Суыт хабарды Айша қоғамдық қорының директоры Айша Оразбай растады, деп жазады sputniknews.kz.
"Гүлжан кеше қайтыс болды. Бүгін жерледі. Ол кісінің бұрыннан жүрегі ауырады екен, содан қайтыс болды, басқа ауру емес", - деді Айша Оразбай.
Айтуынша, Елбасының келіні Шамалған ауылының маңындағы Шұбарат зиратына жерленген.
"Шұбаратқа жерледі. Ол жерде тұңғыш президенттің әке-шешесі жатыр. Бірақ, карантинге байланысты ешкімді кіргізбеді", - деді ол.
Болат Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. Қазір жасы 67-де. Ашық деректерге сүйенсек, Елбасының бауыры бірнеше рет үйленген.