«Ниетім басқа болды»: «Асар-Уме» қорының еріктісі Салтанаттың отбасынан кешірім сұрады

0
200

​Ол халық оның сөзі үшін қорды айыптап жатқанын жеткізді.


«Ниетім басқа болды»: «Асар-Уме» қорының еріктісі Салтанаттың отбасынан кешірім сұрады

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. «Асар-Уме» қайырымдылық қорының еріктісі Елжас Шора осыған дейін Салтанат Нүкенова күйеуін өзін өлтіруге итермелегенін айтып, басы дауға қалған болатын. Енді ол осы сөзі үшін марқұмның отбасынан кешірім сұрады, деп azattyq-ruhy.kz.

«Осыдан 3-4 күн бұрын марқұм Салтанат туралы ойымды білдіріп, пікір қалдырған едім. Шамалы уақыттан кейін оның қате екенін түсініп, бірден өшіріп тастадым. Бірақ оқырман скриншот жасап, жан-жаққа таратып үлгеріпті. Халық мені Бишімбаевты қолдайды деп отыр. Бірақ олай емес, ниетім басқа болды. Мен «Асар-Уме» қорының қызметкері емеспін, еріктісімін. Бұл қателігімнің, жазғанымгың қорға ешбір қатысы жоқ. Наразылықтар менің тарапыма болса деймін. Салтанаттың отбасы және «Асар-Уме» қорынан кешірім сұраймын», - дейді Елжас Шора.

Осыған дейін қордың еріктісінің жазбасын Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді сынаған еді.