Марат Кәрімжанұлы тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, министрліктің сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Көлік министрі Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары халықпен тұрақты кездесу тапсырылған. Осы ретте, бүгін ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысына іссапармен келіп, өңір тұрғындарымен кездесті.
Басқосуда автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі саласына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берілді.
Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірде жол саласында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Айта кетейік, биыл облыс бойынша 202 нысан немесе 1068,4 шақырым жол мен көшелер жөнделуде. Жыл қорытындысымен 135 нысан немесе 611,7 шқ. пайдалануға беріледі. Сондай-ақ облыста 5 автовокзал, 20 автобекет және 18 жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді.
Қазіргі уакытта әуежай 3 халықаралық және 6 республикаішілік рейстерге қызмет көрсетуде.
Жиын соңында Марат Кәрімжанұлы тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, министрліктің сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.