​Нумерология бойынша сәтті күнді таңдап үйленетін жастар көбейген

0
2 533

Бұрындары болашақты болжату үшін көріпкелдерді жағалайтын жұрт қазір нумерологтарға жүгінетін болған.


​Нумерология бойынша сәтті күнді таңдап үйленетін жастар көбейген

ERNUR.KZ. Сандар құдіретімен шаңырақ көтеріп, мамандық таңдағандардың барына сенесіз бе? Әңгіме соңғы кездері сұранысқа ие бола бастаған нумерология турасында. Туған күніңіз бен жылыңыздың датасын айтсаңыз болды, аталмыш сала мамандары цифрларды зерттеп, алдағы өміріңізге жоспар құрып береді, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

Бұрындары болашақты болжату үшін көріпкелдерді жағалайтын жұрт қазір нумерологтарға жүгінетін болған. Әрине, барлығы бақытты ғұмыр кешудің қамы. Ол үшін нумерологтарға ақысын берсеңіз өмірдегі миссияңызды, қай мамандықтың иесі болғаныңыз дұрыс, қашан күйеуге шығасыз, қанша жаста балалы боласыз, денсаулығыңыз қашан сыр береді бәрі-бәрін туған күн жылыңызға қарап айтып береді. Әрине дұрыс-бұрысы өздеріне аян. Десе де, замандасымыз Зарина нумерологсыз ешқандай шешім қабылдамаймын, өмірімінің әр жылын есептетіп сол арқылы әрекет етемін, дейді.
"Мен 3 жыл болды нумерологқа барып жүргеніме. Ол мен туралы барлығын айтып бергенде қатты таңқалдым. Мені ең бірінші мазалаған сұрақ мансап болған еді. Туған күнім бойынша есептегенде төрт рет 1 саны шықты. Бұл көпшіліктің алдында жүруді білдіреді екен. Даңқтың, танымалдылықтың коды. Расында солай болды. Содан соң, көпшілікпен жұмыс жасап нәтиже көре бастадым. Сонымен қатар баламның, жолдасымның талантын анықтау үшін де бардым. 100 процент сәйкес келеді. Осы нумерологияның арқасында әр жылда не болатынын алдын ала біліп тұрамын" - дейді қала тұрғыны ЗАРИНА ДЖАНГИТАЕВА.
Нумеролог Құралай Бақытқызының сандарды сөйлетіп жүргеніне де 5 жылдан асыпты. Өз тағдырларын білу үшін жүгінетін адамдардың санында шек жоқ екен. Тіпті, шетелге қоныс аударсам қалай болады, ЭКО жасатуға қай күн ыңғайлы деген сұрақтармен жүгінетіндер өте көп дейді.
«Көбінде маған келеді 90 пайызы бұрын ажырасқан адамдар. Оның ішінде еркек адамдар өте көп. Әйел адамдар сезімге көп беріледі сол себепті үйлесімділікке қарамайды. Маған нумерологияда еркек адамдар бизнес пен үйленердің алдында махаббат үйлесімділігін сұрауға келеді. Не болмаса үйленердің алдында сәтті күнді таңдау үрдіске айналып кетті. Сұрайды қай күн тұрмыс құруға неке куәлігін алуға сәтті күн деп. Қазір өте көп келеді бизнес» - дейді нумеролог ҚҰРАЛАЙ БАҚЫТҚЫЗЫ.

«Қарсы емеспін! Ол ғылым. Бірақ оны соншалықты деңгейде зерттеп біліп, шыңына жеткен, сондай ғалымдардың барына көзім жетпейді. Қазіргілер, олардың бәрі ақша табудың жолында жасалынып жатқан тіршілік. Қазіргі заманауи бақсы балгерлердің бір түрі», дейді қоғам белсендісі ҚАРЛЫҒАШ БЕКПАТШАҚЫЗЫ.

Сандар арқылы тағдырдағы жазмышты біліп, болашақты болжау немесе мінез-құлық ерекшелігін анықтау дұрыс емес. Бұл тек "адал елге арамза молда" болыптының кері, дейді мамандар.