Ақботанұр КешYou тобынан кету үшін күйеуі ақша төлеуге мәжбүр болғанын айтты (ВИДЕО)

0
407

​Өнер жұлдызы бұл туралы тележүргізуші Динар Сәтжанға берген сұхбатында айтып өтті.


Ақботанұр КешYou тобынан кету үшін күйеуі ақша төлеуге мәжбүр болғанын айтты (ВИДЕО)

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

ERNUR.KZ. Танымал әнші, актриса Ақботнұр Сейітмағамбет КешYou тобынан шығу үшін бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұлов ақша төлеуге мәжбүр болғанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өнер жұлдызы бұл туралы тележүргізуші Динар Сәтжанға берген сұхбатында айтып өтті.

«Мұндай ақпаратты көп жерде айта бермеймін. Бізде КешYou тобымен 7 жылдық келісімшарт болған. Бірақ пешенеме жазылған тағдырыма байланысты 2 жыл ғана жұмыс істедім. Алайда уақыт өте келе өзімнің сүйіктімді киноға түсіп жүргенімде жолықтырдым. Қазір 8 жасар ұлым, 6 жасар қызым бар.
Тұрмысқа шығамын деп бір жағынан балалық болды ма, сол уақыттары айыппұлды күйеуімнің төлеуіне тура келді», - дейді Ақботанұр Сейітмағамбет.

Айта кетейік, осыған дейін КешYou-дың қыздары топ продюсері Баян Мақсатқызының туысынан қандай қиындық көргенін айтқаны хабарланған болатын.