Нұр-Сұлтан мен Алматы «қызыл» аймақтан шықты

0
2 370

«Қызыл» аймақта Ақмола, Батыс, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып тұр.


Нұр-Сұлтан мен Алматы «қызыл» аймақтан шықты

Эпидемиологиялық ахуал бойынша елдің бес облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

30 қаңтардағы жағдай бойынша:

«Қызыл» аймақта: Ақмола, Батыс, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары.

Елдің өзге облыстары мен қалалары «жасыл» аймақта.