Қызды ата-анасы дәрігерлерге алып барған. Келесі күні баланың жағдайы нашарлап, мектеп оқушысы жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда 2011 жылы туған қыз көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.
Қайғылы жағдай туралы ақпарат 14 қаңтар күні сағат 19:33-те түскен. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Полицейлер бір күн бұрын қыз өзін жайсыз сезінгенін анықтады. Ата-анасы дәрігерге қаратып, ем жаздырып алған. Келесі күні баланың денсаулығы нашарлап, есінен танып қалады. Оқушы жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Бала тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түсті. Еске сала кетейік, жақында елордалық екі жасар қыз тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түскен болатын. Оқиға туралы 26 желтоқсанда "Доктор Бро" жеке клиникасына қызын ертіп барған тұрғын хабарлады.
Тексеріс "Мепивастезин" препаратымен жергілікті анестезия жасалғанын көрсетті, оны төрт жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов не жағдай болғанын анықтап жатқанын және оқиғаны бақылауында ұстайтынын мәлімдеді.