Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды

0
672

​Бірінші тоқсанда коронавирусқа байланысты Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында мектептер карантинге жабылды.


Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Айтуынша, бірінші тоқсанда коронавирусқа байланысты Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында мектептер карантинге жабылды.

"Ал кеше Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды. Екінші тоқсан енді ғана басталғанын білесіз. Кешегі күннің ішінде 55 баланың вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың 14-і онлайн білім алған, ал 41 оқушы қашықтан оқыған", - деді Есмағамбетова екінші тоқсанның басталуына арналған баспасөз мәслихатында.

Оқу жылы басталғалы бері Қазақстанда 1 042 оқушы коронавирус жұқтырған. Оның 302-сі – кезекші сыныптарда, қалған 740-ы қашықтан білім алу кезінде індетке шалдықты.

Ал қыркүйектен бері 241 мұғалімде COVID-19 диагнозы расталды.