Нұр-Сұлтанда ер адам 18 жастағы қызды бір кеште екі рет тонаған

0
793

Күдіктінінің бұған дейін де бірнеше рет сотталғаны анықталды.


Нұр-Сұлтанда ер адам 18 жастағы қызды бір кеште екі рет тонаған

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда 18 жастағы бойжеткен полицияға арызданып, оны белгісіз ер адам алдымен қолынан бір ұялы телефонын, артынша тағы бір телефонын алып, қашып кеткенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Жәбірленуші "Еуразия" сауда ортылығының аялдамасында қасына белгісіз ер адам келіп, қолынан "Самсунг-5" ұялы телефонын ұрлап, қашып кеткенін айтады. Қасында тұрған ер адам болған жайтты көріп, ұрыны қуып жетіп, тоқтатпақ болған.

"Екеуі сөзге келіспей қалған. Осы сәтте ұры жәбірленуші екінші телефоны - Xiomi A1 маркалы смартфон арқылы біреуге хабарласып тұрғанын көрген. Ол жақын келіп, телефонын қолынан тартып алып, қашып кеткен", - дейді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.


Артынша тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол осыған дейін де бірнеше рет сотталған 33 жастағы ер адам болып шыққан.