​Нұр-Сұлтанда «киллер» көшелер бар

0
465

Елордада жаяу да, көлікпен жүруде қорқынышты қазір.


​Нұр-Сұлтанда «киллер» көшелер бар

фото: кадрдан алынды

Нұр-сұлтан қаласы 4 ауданға бөлінген. Сарыарқа, Алматы, Есіл, Байқоңыр. Бірақ жол салатын, асфальт төсейтін, миллиардтарға құныққан мердігерлер қорықпайды ешкімнен. Астананың қай жеріне барсаңызда тұрғындардың айтатыны бір мәселе, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Бүкіл ел елордаға қарап көз тігеді, бой түзейді. Құрылысшылар да үлгі алады. Нұр-сұлтанның шеті емес, ортасы, "Мәңгілік елдің" бас даңғылдың жанында, Бөкейхан мен Орынбор көшесінің қиылысы. Тротуармен келдік. Қараңызшы. Мына жерге төсемеген. Ойықтарды қара. Бері қарай бұрылғанда қара жол. Мұның ақшасы игерілді. Қабылдаған актісі қайда.Мұның бәрі нені білдіреді. Тәртіп жоқ. Жауапсыздық. Бір жасаған жол кейде 3-4 жылға жетсе айналайын ғой. Жылда жасалып жатыр. Ол деген ғаламат ақшалар ғой», - дейді қоғам қайраткері Мәтен Өлмесхан.

Көшелерді аббаттандыру туралы ереже бойынша 326 бұйрық бар екен. Алайда, қазір қалалық мәслихаттың шешімімен ол бұйрықтың күші жойылған.

«Заң бойынша алып тастаған. Бірақ қазған компания сол жерді қайтадан қалпына келтіруі керек. Су құбырын, жылу құбырын. Асфальт төсегендер жасамайды», дейді Есіл ауданы инфрақұрылым бөлімінің бас маманы, Руслан Сардаров.