Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған әйел дәрігер болып жұмыс істеген

0
746

Нұр-Сұлтанда екі адамның коронавирустан қайтыс болды.


Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған әйел дәрігер болып жұмыс істеген

ERNUR.KZ. 15 мамырда Нұр-Сұлтанда екі адамның коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болды. Екі науқас та 13 мамырда дүниеден озған, деп жазады zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы өкілінің айтуынша, марқұмдардың бірі дәрігер болып жұмыс істеген.


1958 жылғы науқас дәрігер болған, зейнетке шыққанына қарамастан ол жеке диагностикалық және емдеу орталығында жұмыс істеген, - деді Айжан Иса.


Сондай-ақ, 13 мамырда 1977 жылғы елорда тұрғыны - ер адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны - 34.