Нұр-Сұлтанда құрылысшы биіктіктен құлап кетті – видео

0
434

​Әлеуметтік желіде тараған видеода жерде жатқан құрылысшыны көруге болады.


Нұр-Сұлтанда құрылысшы биіктіктен құлап кетті – видео

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда "Англетер" тұрғын үй кешенінің аумағында құрылысшы биіктіктен құлап кетті. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады sputnik.kz.



"Қайырлы таң, жігіттер! Мына жақта монолитші құлап кетті", - дейді видео авторы.


Полиция құрылысшының құлағанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, ер адамның жасы – 36-да. Оны сағат 11:08-де сан алуан жарақатпен ауруханаға жеткізген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Айта кетейік, "Англетер" тұрғын үй кешені Есілдің сол жағалауында Хусейн Бен Талал көшесінде салынып жатыр.