Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігін сатып алуға "көмектескен" ер адам ұсталды

0
1 787

Ол бес адамды алдап, ақшасын алған.


Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігін сатып алуға

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол бірнеше адамға жүргізуші куәлігін "сатып алуға көмектесемін" деп уәде беріп, ақшасын алғаннан кейін жоғалып кеткен, деп жазады Tengrinews.kz.

32 жастағы ер адамды Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол бес адамды алдап, ақшасын иемденді деген күдікке ілінді.

"Оның әлеуметтік желідегі парақшасында жүргізуші куәлігін алуға көмектесе алатыны туралы хабарлама жарияланған. Қызметі үшін 120 мың теңге сұрайды. Бес адам ақшасын беріп үлгерген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысты үзіп, жоғалып кеткен", - деді департамент өкілдері.

Оған қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.